Cәйгүліктің құйын-перен шабысының сипаты. ~ Ұршықтай саны бұлтылдап, Құйындай шаңы бұрқылдап. Алмас қылыш белінде Қолында найза қылтылдап. “Қыз Жібек”. ~ Бидері шапты қасқа атпен, Құйындай шаңы бұрқырап. Сонда басын көтерді, Отырғандар көзі жылтырап. Нысанбай ж. ~ Төрт тұяқтың басқан із Жер ошақтай қазылды, Тақиядай көрмеді Жібек сындай қызыңды. Құйындай шаңы бұрқырап Дөңгеленіп келеді. “Қыз Жібек”. ~ Жерден озып, жол алып, Жолына бәйге мол алып, Қара терге сыбалып, Құйындай шаңы шұбалып. Базар Оңд.
