Posted in

ҚҰЙЫП ҚОЙҒАНДАЙ

Тура келді, шап-шақ. ~ Самайына түскен жып-жылмағай жасыл береті, тік жағалы, қынама сұр бешпенті, сыптығыр сұр шалбары, сүйір тұмсық жылтыр қара туфлиі тығыршықтай орта бойына құйып қойғандай. С.Ом. ~ Тал шыбықтай бұралған бойыңнан айналдым.Денеңе шап–шақ, тіпті, құйып қойғандай. Айттым ғой, жарасып тұрғанын қарашы! М.Әбдіх.
2.Аумайды, өте ұқсас. ~ Қолға алғаннан бері ілесінен айықты. Соңғы кезде тілі дұрысталып аяғына басып кетсе де, сорлы бала етке шықпай–ақ қойды. Өзі аумаған әкесі болатын . Үлкен ала көзі, қоңқақ мұрны мен иегіне дейін құйып қойғандай–ау, құйып қойғандай. Ә.Нұрп. ~ Әдемі Әйеш, әдемі емес Ғайша, қысқасы, қос әпке мені мұрын шүйіріп, менсінбейді – әңгіме қайда?! Ғайша бет–бәден жағынан Әйештен он шақырым алыс жатса да, бұ жағынан екеуі құйып қойғандай. М.Қаб.

Өте ұқсас, аузынан түскендей. ~ Гитлерді кинода көп көрген болатын. Оған, оның өң– түсі әбден таныс. Бәлкім содан аумайтын біреу шығар? Әйтеуір құйып қойғандай аумайды. Т.Рыск.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *