Елсіз айдала. ~ Әйелі, бала-шаға – семьясы әлдеқайда алыста, өзі болса жападан-жалғыз жылдар бойы осы даладан айналшықтап шықпайды. Не қылған адам бұл, құлазыған Анархайдан не іздеп жүр? Ш.Айт. ~ Арбакеш жүзі біртүрлі құбылып үнсіз қалады. Сонымен бұлар жолға шығады. Құлазыған дала. Т.Әс. ~ Мен білем, Әулие ағаш, сен көк күмбезді өзің көтеріп тұрғанда, құлазыған сары даланың әлдебір қиырынан көзі шалып қалған кездейсоқ жолаушы ғана емес, алыс-жақын төңіректегі елден де арнайы келіп, ақтық байлап, тәу етіп кететіндер көп болушы еді. Т.Шап. ~ Құлазыған capы далада, сұлап жатқан қара адырлардан асып, үлкен жолдың деңгейіндегі қайқаңға шыға келіп еді, қалың кірешілер өтіп барады екен. Ә.Әб. ~ Кешегі көкорай шалғын, бықыған малды ауылдардың орнына, шегірткесіне дейін желінген, өртенген орман, құлазыған қу дала қалған… І.Ес.
