Posted in

ҚҰЛАЙ СҮЙДІ

Ес-түссіз ғашық болды. ~ Енді ойлап қараса, осы өмірінің ішінде бір-ақ әйелді құлай сүйіпті… О.Сәрс. ~ Менің сол алғашқы да соңғы махаббатым-өзіммен бірге оқыған Бақытжан есімді бала еді. Оны бала көңілмен бастан құлай сүйдім. Ү.Жәл. ~
Ештемеден беті қайтып, тауы шағылмаған бозбалаға қыз атаулы ұнамады. Ақыры бір тойда осы Ақтоқтыны көріп, есі шығып құлай сүйген. С.Жүн. ~ Терең ішкі түйсігімен оның да өзін ұнатқанын сезіп тұр, алайда қыздың жолы жіңішке, қанша құлай сүйсе де жұрттың көзінше сыр алдырмауға тиіс, батырдың алтыбақан әткеншегінен түскен соң тесіліп қарағаны аздай, енді қатар отырғанда да бар денесімен бұрылып, көзін алмай қадала қалғаны ерсі көрінетінін әлгі бір ауыз сөзімен ұқтырған. Н.Қам.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *