Posted in

ҚҰЛАШ ҰРДЫ

Талпынды; әлдебір іске қызу кірісті; қол созды. * Жер кім баптаса, соныкі болды. Жұрт иығы көтеріліп, жаңа өмірге жұмыла құлаш ұрды. Б.Мом. * Білімге құлаш ұрып ұмтылган сайын сәулелі болашақ бізді қол бұлғап шақырғандай болады. М.Әбд. * Ән сол кездің өзінде елге кеңінен тарап кетеді. Бұл Сегіз серінің композиторлық өнерге алғаш құлаш ұрған тұңғыш әні екен. Б.Тоғ. ~ Ондайлардың айтқанына көніп, айдауына жүріп, мұрнын тескен тайлақтай елпектемей соныға жол салған, қиынға құлаш ұрған ләзім. Ө.Кәр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *