Тыңдап тұрмын д.м. ~ «Дүнияға туған адамның барлығы мұсылман болып туса екен» деген сияқты болып тұрды. «Ендеше, сүндеттеу керек! » деген қорытындыға келді. — Надежда! — Ал, құлағым сенде, айт! — Молдамен сөйлессек қайтеді? — Ә, поппен ақылдассаң?… М.Дәу. ~ Халел де көзінің астымен арбасып, «құлағым сенде» дегендей түнеріп отыр. С.Жүн. ~ — Құлағым сенде, мыстаным!—деді Тайшық хан. Үнінде іштей ытырынған салқындық бар. А.Сей.
