ҚҰЛАҒЫНАН АҒЫП КЕТТІ Айтылған сөзді ұқпады, мән бермеді, есінде сақтамады. ~ Соларға ертіп апарып таныстырайын десем, аяқ баспайды. Бұл күнде кімнің сүйеушісі бар – сол озып кеткен жоқ па? Айтқан сөз құлағынан ағып кетеді. Б.Тоғ. ~ Айбаланың нашарланғанын, Ботагөздің жылағанын көріп аяған көршілес жатқан жүмысшылардың әйелдері, түні бойы жұбатқысы кеп, Ботагөзге әртүрлі сөздер айтып еді, ол сөздер Ботагөздің миына бармай, бір құлағынан кірсе, екінші құлағынан ағып кетіп жатты. С.Мұқ. ~ Қанипаны зорлықпен жеңіп алатын болған соң әбден көкіп кеткен Әли алдында тау тұрса қарайтын емес. Айтылып жатқан қытымыр кінә бір құлағынан кіріп, екінші құлағынан ағып кетіп жатыр. С.Ом.
