Posted in

ҚҰЛАҒЫНА АЛТЫН СЫРҒА

Айтылар сөз көңіліңе келмесін д.м. ~ «Ағаның құлағына әзірге алтын сырға, жақсылық жерде жата ма, өзі-ақ жетеді» деген сөздің астарын аңғарған Әлфия Юлаевна келісе кетті. М.Қаб. ~ Келінжанның құлағына алтын сырға, жасырған сыр жатпайтыны белгілі. Құдайдан жасырмағанды адамнан несін жасырамыз. Қатира бике Бектемірмен әмпей. С.См. ~ Жеңгеңнің құлағына алтын сырға. Миронның Мария деген әдемі қызы бар-тын. Кейінгі кезде онымен әзілім жарасып, әмпейлесіп кеткенбіз. С.Ом.

  1. Біреудің көңілін аударғысы келгенде айтылады. ~ Менен екі сантиметр аласа, жиырма сантиметр жуан болса да өздерін ұрғашы жұрағаттың алдында ұзын бойлы, қыпша бел, бидай өнді, аққұба, жігіттің төресімін деп есептейтін кейбір құрдастарымның құлағына алтын сырға. Қ.Ысқ. ~ Арада жетпіс жылдай уақыт өтіп кетсе де Зощенконың бұл мақаласы күні бүгінге дейін маңызын жоғалтқан жоқ. Қазақ әдебиетінде әзіл-сықақ жанры мешеу қалды десе омырауына от түсіп кеткендей мөңкитін «сықақшыларымыздың» құлағына алтын сырға. Қ.Ысқ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *