Posted in

ҚҰЛАҒЫНА БАРДЫ

Ұқты, түйсігіне жетті. ~ Кешқұрым ол қаттырақ ыңыранып алып, ыңқылдай бастады. Үй–ішіндегі жабыр–жұбыр үн құлағына барғандай маңдайын жиырды. Ә.Кек. ~ Бекболатқа тисе, Ақбілек малай болар ма еді? Өзі де істер еді, малшы қатынды да алар еді, байы ұрыспаса, ұрмаса, қатын қайда кетпейді? Қатын не істемекші?.. Мұның бірде-бірі құлағына бармады. Ж.Айм. ~ Қиқуды Манас салғаны, Айкөліңнің айғайы, Ұйқыдағы ағаңның, Құлағына барғаны. Оянып Қосай кеткені, Аяғы жерге жеткені. Б.Әлімж. (“Манас”.) ~ Ел аузында «Отан» деген жалғыз сөз. Шақырғаным құлағына бара ма, елдегі жан қиысар, достарым? Сұрапылға сұрапыл соғыс аштық. Ғ.Слан.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *