Әбден тынышын алды; бір айтқанын қайта-қайта айта берді. * Ал бірақ қасындағы ақылшысы “Алдауыштың көзін жой!” деп құлағының құрт етін жейді. О.Сәрс. * Таңнан қара кешке дейін тарсылдаған сабаумен, таңқылдаған өсегімен, онан қалды жылау -сықтауымен құлақтың құрт етін жейтін қойманың қатындарын былай қойғанда, үйдегі бес баланың қыңқылы, жеке меншік жарының сұңқылы қажытпай қойсын ба! Қ.Ысқ. * Өзің пенсияға шығып алған соң: “Мұратқа пөмешнек керек, пөмешнек керек”, – деп құлағымның құрт етін жеп едің. Қ.Ысқ. * «Кәленді құртқаннан іс бітпейді, сәті түсіп, орайы кеп тұрғанда онан да мына іргеңде күнде лаң caп отырған балықшылар аулына тізе батырып алайық» – деп, күнде-күнде қыңқылдап, құлағының құртын жеп болды. Ә.Нұрп. * Содан һаял үйде отырып алып күнде құлағымның құрыш етін жейтін болды … Т.Сәу.
