Әлдебірдеңені қайталап айта бер, мезі қылды. ~ «Ойбай, алтынкүрек, шіркін, алтынкүрек, ойхой, алтынкүрек» деген ойдың жетегінде апалақтап жүріп, мән бермепті—үйдің қара көлеңке бұрышы дүкілдейді. Құлағының құрышын жеген көп дүкіл… М.Қаб. ~ Қанат үйіне ерте барудан қашады. Күріштен әбден діңкелеп қайтқанда маңдайынан сыйпар пенде жоқ. Ең болмаса өз жайына тыныш қойса екен-ау. Жоқ, Көктаспа қашан көзі ілінгенше миын шағып, құлағының құртын жейді. Н.Сер.
