Posted in

ҚҰЛАҒЫ МҮКІС (ТАРТТЫ)

Нашар естиді. ~ Бір кісінің көзі жақсы көрсе, екінші кісінің көзі нашар көреді. Біреу саққұлақ, біреудің құлағы мүкіс. А.Байт. ~ Жаздыгүні күн жылыда кейде есік алдына шығып, күн шуақтап отырады. Құлағы мүкіс, сәлем берсең естімейді. Осы мені боқтап тұр ма дегендей бетіңе сезіктеніп бажырайып қарайды. Б.Соқп. ~ Қаннен-қаперсіз Ұлпан шошып кетіп «көтек!» деп қалды. Тұтқыштың құлағы мүкіс еді, әйтпегенде, мына дауыстарды естіп те қалар еді. С.Мұқ.
~ Құлағы мүкіс Тарғын шал жанында отырған адамға маза бермей: «Не дейді, Қалқаман Мамырды алып қашты ма?», «Мамыр үйіне келем дей ме?.. Дұрыс қой енді, ата–ананың батасын алмаған соң, бола ма?» – деп күбірлеп сөйлеумен отыр. Т.Әбд. ~ Кейінде қартайып, көзі көрмейтін, құлағы мүкіс тартқан кезінде, төңіректегі ел: «қажы бабаны» көреміз, деп ағылып кеп жататын. Ә.Әл.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *