Posted in

ҚҰЛАҒЫ ТОСАҢ (ТОСАҢСЫДЫ)

Нашар естиді, кереңдеу. ~ … әйел дейтін құдырет барын ұмытқандай да еді бір зәуім. Бижігіт әрі туласын, бері туласын, құлағы тосаң енесіне кеп жұлынсын. Ш.Құм. ~ Құлақта жазық жоқ екен. Ол сәл-пәл тосаңсып, есту қабілетін азайтты ма, керең, саңырау, миғұла, кеще деп құлағы тосаңдарды неше қилы атаққа ұшыратамыз. Дегенмен де, құлақ мақтаудан шет қалмайды. Саққұлақ, құймақұлақ деп көтермелейді. Артынша «ол барып тұрған акпа құлақ, қанша айтсаң да құлағына ілмейді» деп қол сермейміз. Ө.Кәр. ~ Осы көрікті табиғаттың ортасына у-шу қылып асау атынды судан құлағыңыз тосаңсиды. Бұл — Алатаудың атақты өзені Бұратара. Қалмақ жері. Мұндағы Жоңғар қалмағы. І.Жанс.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *