Әлдебір жағдайдың жай-жапсарын біліп тұрды, құлағдар, хабардар болды. ~ — Басыңа күн туған азамат екенсің. “Жалғыздың жары – құдай” деген ғой. Бірде болмаса бірде бір кемпір-шал бар еді-ау деп есіңе аларсың. Осы үйді өз үйіңдей көр де, жата бер. Жауыңнан құлақтас болып тұрармыз. М.Әу. ~ Сөз осыған қойылғаннан кейін әйелдерді ауылға қайтарып, қасындағы жігіттерін жан-жақтағы ауылдардың дос-жар жігіттеріне: «Мынадай күн туып қалды, құлақтас болсын!» деп жіберіп, Асанның өзі, қостарының маңайындағы бір ойырылған құдықтың үстіне қою тал шыққан қуысына кіріп жатты. С.Мұқ. ~ Қимылдың жобасы — іс насырға шапты. Нәзипаны мұқатумен бірге мұғалімнің көзі жоғалу керек, мұғалім мен хазірет қас. Бұл әңгімеге хазірет те құлақтас болғаны теріс емес. І.Жан.
