Posted in

ҚҰЛАҚҚА ЖАТ

Жағымсыз, жайсыз, түрпідей. ~ Олай болса, күннің сәулесі қышқыл туым ішіне оттегінен көміртегін айыратын бір күш. Күннің сәулесі күш дегеніміз үйренбеген құлаққа жат көрінер. Сонда да күн сәулесінің күшін күнде көріп отырмыз. А.Байт. * Ал орысшасында «л»-ден кейін жіңішкелік белгісін қоймасақ, «Бэлгэр» болып дөрекіленіп, тосын, құлаққа жат болып естіледі. Г.Белг. ~ Шай қайнатым уақыт өткен. Мына соғыстың ауыртпалығы басқан уақытта құлаққа жат боп кеткен нәрестенің дүниеге есігін ашқан іңгәсін естігенде ауыз сенектегілердің томырық жүзі жадырап сала берді. К.Жүн. ~ Бірләнға жалғыз–ақ Алмагүлдің өлеңдері ұнамады. Рас, оның даусы секіре аққан күміс бұлақтай сыңғырлап тұр, бірақ айтқан әндері не қазақтікі, не орыстікі болмай, шетелдің поп–музыкасына еліктеген ритм–желістеріменен құлаққа жат тиіп, тыңдап отырған жұрттың көңілін аудара алмайды. І.Ес. ~ Ол кезде «түркі» деген сөз де құлаққа жат еді. Сталин заманындағы «пантюркизмнен» зәрелері ұшып қалған қазақ зиялылары оны естісе, айнала қашатын. С.Бай.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *