Ұнамды, көңілге жайлы сөз (ән, күй) туралы; көкейге қона кетті. ~ Балам, айтқаныңның нобайына түсініп отырмын. Бірігіп еңбек етейік деген сөзің көкейіме қонды. Құлаққа жылы естіледі. С.Жүн. ~ отардың бір шетінде адасып қалған қозыларын іздеп, ауық- ауық мекіренгені сол тым- тырыстықтың тәтті қайырмасындай құлаққа жылы- жылы естіледі. С.Ас.~ Қолбасылар мен көсемдердің құлқын тауып үйреніп қалған кулар қайдағы бір құлаққа жылы тиетін сөзбен майдан хабарын әсірелеп өсіріп айтуға әуес. Ә.Нұрп. ~ Тек анда- санда даладай байтақ, жолдай ұзын, жалғыз кісінің салған әні беткейден- беткейге сорғалап, құлаққа жылы құйылады. Ж.Айм. ~ Қаратай қарт баяғыдан «айналайын» дегенді бұзып «айдалайын» дейтін; түк өзгермеген, сол қалпы. Құлаққа жылы шалынар осы бір сөз қазір Айжан жанын сергітіп тастаған еді. М.Сүн. ~ – Аман қарындасым, – деп қолын ұсынды. Қазақша сөйлегені құлағына жылы тиіп, қолын ұсына түсті де, қайта тартып алды, жеп қоятындай сүзе қарады. Ж.Айм.~ Судыр Ахметтің ақ жарғақ құлағы елең етті. Әуелі мына сөз құлағына жылы тиіп, жымың-жымың ете қалса да, іле-шала Нағымет алған алападан бұның өзіне тиер ештеңенің жоғын сезді … Ә.Нұрп. ~ Сорлы Ақан «Құлагер» деп жылап, күйген, Елдің ол құлағына жылы тиген. Болса да мейлі сері, мейлі пері, Ақанның аты мен жұрт әнін сүйген. Ә.Нұрп. ~ Мұндайда тіпті даусы да майдақоңырланып, құлаққа жылы тиетін жұмсақ әуезбен май тоңдырмайтын мақпал самалдай есіледі екен.. Е.Әлім.
