Posted in

ҚҰЛАҚ ТҮРДІ

ҚҰЛАҚ ТҮРДІ Әлдебір хабар, дерек күткен адамның ынта қойып тыңдауы туралы. Зейін қойып тыңдады; елең етті; елегізи тыңдады. ~ Көрік жоқ ойда-қырда шығып жүрсең, Естілмес құс, құрт даусы құлақ түрсең. Қақтанған, жамыла түсіп, от маздатып, Көресің кемпір-шалды үйге кірсең. М.Жұм. ~ Түн сырына құлақ түрген бала осылайша ұйқы көрмеді… Ш.Айт. ~ Сәлден соң адамдардың күбір-сыбырына құлақ түрді. А.Әділб. ~ Ботпай қанша құлақ түргенмен, көше бойлапәңкілдеп соққан сарнауық жел дәнеме естіртпеді. О.Сәр. ~ Саурық маңайдағы ауыл-ауылдың бәріне кісі жіберіп іздетті. Үнияны көрген-білген бірде-бір жан табылмады. Көрші ауыл адамдары да құлағын түріп отырды. Олар да аң-таң. Ә.Шәр.

ҚҰЛАҚ ТҮРМЕДІ

Тыңдамады, көңіл қоймады. * – Нысанбек Сапабек сөзін аяқтатпастан, беліне түрген бешпетінің етегін түсіре, көпе-көрінеу нойыс мінезін таныта орнынан көтеріле берген. Бәйбішесінің: «Оу, саған не болған, істің байыбына барсаңшы…» – дегеніне құлақ түрмеді. Ш.Құр. ~ Сен оның лүпіліне, ырғағына, əуеніне он тоғыз жыл ішінде тым құрыса бір мəрте де құлақ түрмедің-ау, сабаз Назарға ілмедің. Н.Кел. ~ Ал ол жайындағы әйгілі ән әуелей жөнелсе, қай – қайсымыз да елең қағып, құлақ түрмей қоймаймыз. С.Ақт.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *