Ықыласпен тыңдады; зейін қойды, тың тыңдады; құлағын түре тыңдады. ~ Зейнеп оны біртүрлі сағынып жүретін. Біреу атын атай қалса да еміне құлақ төсеп, сол жайлы естігісі келе беретін. Е.Жең. ~ Биеден сырғанап түсіп, шылбырын сүйрете келіп, жақпар тастарға еңкейіп құлақ төседі. Тау арасындағы үн жаңғырығып талай жерден талып жеткіш. Содан қатты дәмелі. С.См. ~ “Құдай-ау, әлгі бір ыңырсық дауыс түсім болса етті” деп, жас келіншегін жамандыққа қиғысы келмей Мәдемінің дем алысына үрке соқтап құлақ төсейді. Н.Сам. ~ Құлағы мүкіс, қатты сөйлейді, ақырын сөзді естімей «ә? ә?» деп құлағын төсей береді. Мейлінше жылпос жігіт. Ғ.Мұс. ~ Жотаға шығып, машина дүбіріне құлағын төсей беретіні де, бурыл сақалын мықыр саусақтарымен еспелеп, қиялдай беретіні де содан. Ғ.Біл.
