Posted in

ҚҰЛАҚ ҚҰРЫШЫН ҚАНДЫРДЫ

ҚҰЛАҚ ҚҰРЫШЫН ҚАНДЫРДЫ Айтқан әңгімесі (әні) тыңдаушының көңілінен шықты. * Көрші ауылдағы сексеннен асқан Мошанбай қарттан ескі әңгіме тыңдау үшін арнайы жайлауға барып бір күн ереуіл болып, құлақ құрышын қандырып қайтушы еді. Е.Бақ. ~ Сонда Одиссей жауап қатты толғанып:«Патша Алкиной Феакийдің мейірімі мол халық, Ерлеріңнің көсемі ықыласымызды аударған,Құлақ құрышын қандырған. Ғ.Қай. ~ Әлдекімдер айырбастап ала алмайтын алтынға Өзі-ақ іздеп тапты сені атағың да, даңқың да. Келесің-ау тыңдаушыңның құлақ құрышын қандырып Қазағыңның дәл өзіңдей қарапайым қалпыңда. С.Им. ~ . Бұл Құндақбай мына халде, алакөлеңке бөлме ішінде өзіне кең дүниенің есігі ашылғандай көл-көсір әңгімеге құлақ құрышын қандырды ғой. Ұ.Досп.

Тыңдарманның көңілінен шықты. * – Ән салар алдында осы сарынмен серпіліп, бой жазып алатын әдетім еді. Бұл «Кертолғау» деп атап жүрген құлақ күйім. – Құлақтың құрышын қандырады-ақ екен, шіркін!.. Қ.Тол. ~ беліне ала арқанды неше қабат қылып орап алған жынды шал алты қанат киіз үйде түнгі сауықта отырған қалың жастың арасына келіп, төрде домбыраға қосып халық әндерін құлақтың құрышын қандыра нақышына келтіріп шырқап отырған сері жігітті қолындағы аса таяғымен төпелей жөнелген. Қ.Мүб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *