Айтқанында жүрді; құлшылық етті; аяғына бас ұрды. * Сонда оқтай зырлаған Балшы ұшып кіріпті. Кіріп құрдай жорғалап, Құлдық ұрып үш қабат, Тұрып сөйлей беріпті. М.Жұмаб. * Көк Тәңірінің жетелеуімен Шыңғыс ханның өзі келе
жатқанын сезіп отыр ма, жоқ па, қайдам? Білсін, білмесін шаһарын шашар, орманын өртер. Құлдық ұрып алдына құласа бұл да мейірімін төгер. Р.Отар. * Осы күні талантты адамдар әдебиетте аз рөл атқарды. Қазіргі біздің әдебиетке құлдық ұра беретін құлдар қажет. М.Мақ. * Осы кезде Омарбектің жүзі албырап барып, бір қуарып, бір қызарды. Ол шынымен Шалтабай өзіме бас қойып, құлдық ұрады деп ойлап, қуаныштан жанын қоярға жер таппады. Б.Қыд.
