Жан даусы шығып, айғайға басты. * – Шығарма дымыңды! – деп, аузын басты. Күнікей оған қорықпады, булығып, қақалып: – Ойбай-ай, ойбай! – деп құлындағы дауысы құраққа ұшты. Ж.Айм. * Майраның құлындағы дауысы құраққа шықты. Өзгелері, зəре жоқ, сілейіп, жағы қарысып қалды. Ж.Айм. * Қыз дәуренімен қош айтысқандай құлындағы даусы құраққа шықты. Қ.Түм. * – Басыңа бөрiк киген екi аяқты аң екенiңе осыңның өзi-ақ дәлел. Қане, қапы қалма, атып қал! – деп екi әйелдi өз ығына ала бердi. Жалт қарасқан әйелдердiң құлындағы даусы шықты. Р.Рай. ~ Жау қабақ жігіт те айбалтасын үйге сүйей сала, жүгіріп келіп келіншекті ұстап, екеулеп сүйрегенде, келіншектің құлындай даусы шықты С. Сей. ~ – Апа! Апа! – деп, артынан қуып бердім. Құлындағы дауысым құдайға жетіп, бақырып жүгіріп келем. Аяулы шешемнің маған бұрылып қарағысы да келмейді. Б.Соқп.
