Құлын терісінен жасалған сыртқы киім, шалбар. ~ Былғары шалбар, құлын жарғақты сәнге кие ме деуші еді, қыз киімінің мәнісін енді түсінді. Қ.Ысқ. * Аташқа арқасын сүйеп, екі қолын қарақұсына жастай кербез керіліп отырған. Бескемпір күзетсіз қалған құлын жарғақтың өңірін ағытты да, қыздың аш құрсағына танауын тығып кірш – ақ кетіп еді. Қ.Ысқ. ~ Астыма сұлу қара ат мініп, үстіме қара құлын жарғақ киіп, басыма түлкі тымақ киіп, жаныма жолдас ертіп, әлгі мырзаның аулына жақын жерге келіп қондым. “Қ.Ерт.” ~ Орынынан тұрып, жырық балақ құлын жарғақ шалбарына жабысқан шөп-шөңгені сілкіп тастап, етектегі жалғыз үйге қара бау басып жүріп кетті. Ә.Кек.
