Емін-еркін, ойнап-күліп қатар күн кешті. ~ Ойнаған құлын-тайдай құрбы аман бол-ау, Кетпейді көз алдыңнан бұлғаған қол Туған ел, енді есен бол! Кештерді бірге өткізген еске сақта-ау, Жүректен асыл сезім ұрлаған мол, Туған ел, енді есен бол! К.Қаз. ~ Онан өрге шу дейін, Ескен желдей гулейін. Сарыарқаны жайлаған, Желіге бие байлаған. Мамадағы аттары ― Құлын-тайдай ойнаған! Ерегіскен дұшпанды, Алдына салып айдаған. Сүйінбай. ~ Құлын-тайдай ойнаған жер сатылыпты ақшаға, Ата-бабам жайлаған жер бұйырыпты басқаға. А.Шаях.
