Posted in

ҚҰЛҚЫ СОҚПАДЫ

Көңілі болмады, зауқы бармады. * Сәйдәлінің қорлықтарына шыдап өмір сүруге құлқы соқпайтынын, жұқарып кеткен сабыр-шыдамы шыдастық беруге төзбейтінін айтып, абақтыға тіленіп қайта кету шешіміне келгенін білдірген еді. Ғ.Біл. * Оның бәрін құшақ жая қарсы алып, көлитіп мәслихат құрып отыруға мәртебелі тақсырлардың уақыты да жетпейді, құлқы да соқпайды. Ә.Кек. ~ Ерінбесе ер- тоқымын алып астына төсейді, оған құлқы соқпаса жүгенін сыпырып қоя береді. Аты бұған, бұл атына үйренген. О.Көш. * Өз төңірегіне күш топтап, зорлық, зұлымдық үстінен үстемдік жүргізуге құлқы соқпайтын, мақсұт етпейтін ақ еділ адалдығында, адалдық әрқашан бойын таза сақтайды. Ғ.Біл. ~ – Бұл жазатайым болған жағдай емес пе екен өзі? – деп сұрады Ломбард дүдәмалданып. – Ондай жазатайым жағдай болады дегенге сену қиын-ау, – деп мырс етті бірдеңені қоштай қоюға құлқы соқпай тұрған Блор. А.Крис.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *