Posted in

ҚҰМЫРСҚАДАЙ ҚАПТАДЫ (ҚАЙНАДЫ)

Ілезде көбейді, бықып кетті. ~ Оқушы балалар лездің арасында құмырсқадай қаптап кеп, Ырысбектің қорасындағы әнеугүні ғана өзіміз жинап қойған тобылғыны біріміз шанаға сап сүйретіп, біріміз арқалап мектепке таси бастадық. С.Мұр. ~ «Бахтин кім?» десең, быттиған мұрнын басып көрсететін дәлдүріштер «егемен ел болып», Жоғарғы аттестация комиссиясының тізгіні өз қолымызға тигесін құмырсқадай қаптады. М.Қаб. ~ Алдыңғы позициядамыз. Көк шинельді австриялықтар алдымызда құмырсқадай быж- быж қайнап келе жатыр. М.Дәу. ~ Барактарына біреуі кіріп, біреуі шығып, қыбырлап құмырсқаша қайнайды. С.Сей.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *