Кегін қайтарды. ~ Бабаң айтты: «Ел бітпес оныменен, Жүрелік шариғаттың жолыменен. Бір еркек, бір қатынның құнын алсын, Мәмбетей разы болсын соныменен». Шәк. ~ Төстік құлақ салып тыңдаса: «Қап, бәлем, Төстік! Саған қылмасам, әкем Шойынқұлақтың құнын алмасам!» – деп, шіреніп-шіреніп қояды. “Ер Төстік”.
- Ақысын өндірді. ~ Арыстанбай аман тұрса, тағы бір сұқсырды тағы жетелеп келермін. Құнын алып, көк ала шыт дамбал киіп, жыртығымызды бір бүтіндеп беретін қай бір орыстың қолынан өлген бауырымыз бар. Ә.Кек. ~ Барыңдар анау кеңес өкіметінің кеңсесіне! Жарлыларды жарылқап жатыр… Бас деймін аяғыңды!.. Ана жылы тартып әкеткен екі атыңның құнын ал! Тайсалма! Айт бәрін. Мені куәға тарт! Б.Тоғ.
