Қылмысы үшін айыбын тартып, құнын төледі. ~ – Қазақтың салт-заңы бойынша ішкі қайшылық кезінде адамды өлтіріп, құн тартудың орнына, қарсыластарын осал жерінен атып кету, найза-сүңгі шаншып, аттан түсіріп кету, сойылмен ұрып түсіріп кету, қамшымен ұрып, аттан құлату да жеңіске жатады. Ж.Баб. ~ Қытай қазақтарында да бұл ережелердің көп айырмашылығы жоқ. «…Киіз үйге ат байлағанда бірінші керегенің қоспасынан төмен есік жаққа ат байланып, сол ат бала-шағаны тебетін болса, ат иесі жауап етеді. Адам өлсе, ат иесі құн тартады. Р.Кар. ~ Егер ойын-той кезінде немесе аңшылықта кездейсоқ өлім болса, кінәлі адам тарапынан өлімді жөнелтуге көмек көрсетіледі («ас-атау, кер-кебін»), құн тартпайды. “Қазақ құқығы”.
