Posted in

ҚҰП КӨРДІ

Қолдады, дұрыс деп тапты. ~ Сырт ізет қылғанмен, іштей Жүзіктің қылығын Шәйі құп көрді, ақыр болатын нәрсе тезірек болса екен деп тіледі. Б.Нұрж. ~ Құлжеке, бұл ниетiмiздi Алла құп көрiп, ойлағанымыз iске асып жатса, ең бiрiншi өзiңе қарыздармын. Қ.Сегізб. Әлгінде қажы ағасы да бұл шақыруды құп көрген.Әлгінде қажы ағасы да бұл шақыруды құп көрген. Б.Тоғ. ~ Атына артып қоя берейік, су ішерлігі болса аман қалар болмаса біздің қолдан аман кетіп құдайдың ажалына өлген болмай ма деген еді божбан қара бұны да құп көрді. Б.Жұм. ~ Әлі аптығып, айтысқысы келіп отырған келіншектің кесір мінезін көпшілік бірақ құп көрмеді. О.Сәрс.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *