Posted in

ҚҰРАЛАЙДЫҢ САЛҚЫНЫ (ШАЛҒЫНЫ)

Қазақстанның орталығы және солтүстік аумақтарында шамамен 20 мамырдан басталып, оншақты күнге созылатын ауа райының құбылмалы күндері. ~ Көкшекөлдің ұлтанында су тартылып, әр жерде ірінді көлшік жатыр. Тары салатын жер белгіленді. Жігіттер Кәпірарықтың көзін ашып, қарбалас қимыл басталды. Құралайдың салқыны түсіп, астаң-кестең дауыл соқты. З.Шүк. ~ Қойшының әйелі сырттан көп, ортадағы ошақтың астына от жақты, қазан асты. Ел жайлауға бет алғанмен құралайдың салқыны еді. Содан да от әлі үйден сыртқа, жерошақтың басына көше қойған жоқ. С.Бақб. ~ Үш – төрт күннен бері ауа райы да салқын. Қазақтар айта беретін құралайдың салқыны… З.Шүк. ~ Түсті шықтар шөптерге, Жауатындай қар, түрі. Соғады әр жыл көктемде, Құралайдың салқыны. Баяғы сол тәртібі – келеді жел арқылы, Лағы боп киіктің құралайдың салқыны. С.Мәу. * Содан көп ұзамай түстіктен қызыл жел соғып, күн жылып, қар шұрқ тесілді. Құралайдың салқыны өте қойлар төгіп коздай бастады. С.Елу. * Қазақтың құралай шалғыны деп айтатын шағы киіктің құралайын өргізіп, аяқтандырған кезінде болғандықтан солай аталған. Баласы жас күнінде үлкеніндей жүгіре алмайды. Атпен қуып ұстауға болады. А.Байт.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *