Жәудіреген әдемі көз. ~ Қыдырып күйші көзі түскен кезде Айдаһар алдындағы қызға айналды. Қара қас, қылаң қабақ, керқұба қыз, Қара шаш, алма сағақ, құралай көз. І.Жан. ~ Мекеш оларды кергенде жалт берді. Аты шулы жігіт әйел алдында әлсіз. Алғаны — атақты шешен Мәңкі батырдың қызы — қатыңқы қара сұр, құралай көз, өткір кездіктей Қадыш. Ғ.Мұст. ~ Бұл да ештеңе етпес еді, егер құралай көз, оймақ ауыз жесір жеңгесіне жас ханның өзінің көзі түспеген болса… І.Ес. ~ Аңырап қалған елдің көзі Тұрар мен Нәзекеңе ауғанда, Тұрардың әнтек қисықтау құралай көзі күлімдей: «Сал Біржан кімге дәрі амандығың, Сөз білсең бу да, сенің жамандығың, Қисасул әнбиедан естімеп пе ең? Белгілі мәлім болды надандығың» деп толқынып, именбеген ажарлы үнмен жауап қайтарғанда, отырғандар… С.Бег.
