Posted in

ҚҰРАҚ ҰШТЫ

Біреуге тік тұрып қызмет етті, асты-үстіне түсіп бәйек болды; қатты әбігерленді. ~ Мұны көріп қалған жалғыз үйдің иесі Торғын да, оңқай асықтай қолға ыңғайлы адам екен, құрақ ұшып жүріп жәрдем көрсеткен. А.Сейд. ~ Ағаларына қарағанда
ширақтау жеңгелері өзін хан ұлындай құрақ ұша қарсы алып, бай баласындай баптап күтетін. Ү.Жәл. ~ Жанымның жазға құрақ ұшқанын, Сарғалдақтардан сұрашы. Д.Кәп. ~ Қай ауылына барсам да, қазақ баласы ере түрегеп, құрақ ұшады.
Аңқылдап, ағынан жарылады. Сол ыстық ықыластары ырқыма қоя ма?.. Қ.Тол. ~ «Ә, әлгіде, жиналыс тарқарда, дорба толы арақ алып, Мүлкаманды, Нағанайды құрақ ұшып қонаққа шақырып жүрген. Мына дабыл соның сарыны болды». Д.Досж. ~ … көңіліне кірбең ілінбесін деп кемпір-шал екеуі бірдей қоғадай жапырылып, құрақ ұшты. Кәмиләның қабағын бағып, бәйек болды. Ғ.Біл. ~ Әншейінде қарқарадай көретін партком жездесінің өзі оңқай асықтай елпілдеп, құрақ ұшып жүгіргені – келген қонақтың биік дәрежесін айғақтағандай болған. Ә.Асқ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *