Жүкті болды, бала көтерді. ~ Сүлкейде әлі үн жоқ. Еріп келеді. Шешесі сол бұрылмай аяңдаған бетінде тағы тіл қатты: — Азар болса, құрсақ көтерген шығарсың! С.Елу. ~ Суретшіге тән қырағы көз бірден таныды өңінде әжім болмаса да, балалық пәктік, наушалық емес, құрсақ көтерген, өмір көрген әйелге тән іздер жатыр. С.Шай. ~ Ақторғын құрсақ көтеріп қалған еді. Бірақ Бұхардың кең жібек көйлегі оның тола бастаған ішін өзгелерге аңғартпаған. І.Ес. ~ Келіншек болып түскеніне биыл тоғызыншы жыл екен. Содан бері төрт құрсақ көтерді. Екеуі өлді, тірі қалғаны Ұлпа мен Бақыт. Б.Май.
