Қан таратып, бойын жазды. ~ Неше күннен бері сіресіп, қатып қалған буындарым қапелімде икемге келе қоймағандықтан бір шеңгелдің түбінде отырып, керіліп–созылып, құрыс–тырысымды жаза бастап едім, жап–жақын жерден, дәл қасымызға келіп қалған ат тұяғының сыбдыры селк еткізді. Ж.Сәм. ~ Толқындар саған еркелейді емес пе?! — деп Көл жайып- шуды. — Қайта құрыс-тұрысын жазылып сергисің? Ө.Кәр. ~ Келіңдер, сыпырып тастайын!» — деп ұстарасын жалаңдатып, бұлардың зәресін алып, екі қолы алдына сыймай жүруші еді. Қан таратып, құрыс-тұрысын жазып қайтуға сылтау мықтап табылды. М.Қаб.
ҚҰРЫС-ТЫРЫСЫ ЖАЗЫЛДЫ
Бойы сергіп, қабағы ашылды. * Шәйға қанып, құрыс-тырысы жазылып алған соң, Әлдекей қайдағы жоқ күлдіргі қулық тауып алып, бәйбішесі өлгелі езу тартпаған ақсақалды күлдірді: тоқтының етін ақтап жеу керек қой. Қашан ет піскенше Әлдекейдің аузында дамыл болған жоқ. Ж.Айм. * Содан, міне, Дариғаның оң тізесін басты. Бітті, өз-өзінен көбеңсіп, оған ет пен шай қосылғасын құрыс-тырысы таза жазылып, балбырап отырған. М.Қаб. * Әсеттің бойы сергек, жүрегіне жұбаныш ұялаған. Бетіне қан жүгіріп, әрі кірген. Ажары ашылған. Денесінің құрыс-тырысы жазылып, едәуір қунап қалған. Қ.Тол.
