Ұстауға, қолға түсіруге әрекет жасады. ~ Бұл ойын Битабарға ойыншық секілді болып көрінді. Өйткені өткен қыста Битабар құрық сілтесе, қарсы шабар халде бір қурайды тасалап болдырып жатқан қасқырдың алдына бір аңшыны қалдырып, өзі артынан келіп, қона түскен бойда алқымына қолды салып жіберіп, жерден көтеріп алған да, дарға асқандай етіп асып өлтіре салған еді. С.Шәй. * Бөлім бастығы былтырдан бері сақа сынды талақ тастап, өлеңге құрық сілтеген. Жуырда биттің қабығындай алғашқы жинағы жарық көрді. М.Қаб. ~ Кезекке тұрып, жылқышы-құрықшылар кімнің кезегі келгенде соның атын атап құрық сілтейді екен. Сонда байдың өзі мінетін Кеделі көк деген атына, Ескене деген кедейдің кезегі түседі. Р.Кар.
