Posted in

ҚҰРЫҚ ӘКЕТТІ

Бағыныштан шықты; еркіндік алды; бөлінді. ~ Он төртке аяқ басқан соң-ақ көзі жанып тұрған Күнікей апасынан құрық әкетті. Ж.Айм. ~ Сонда ырыққа көнбей құрық әкетіп жүрген талай тоңмойын томырықтар иі қанған қайыстай есіліп шығар еді- ау! Қ.Жұм. ~ Дұрыс десеңіз де, бұрыс десеңіз де бір шындық: Осы тұстағы жырларымда күрсіне отырып бас шайқау басымырақ. Басқаша айтсақ, енді қол жеткен шын сөз бостандығы жағдайында менің жырларым құрық әкеткен асаудай ашына сілтейтінді шығарды. Х.Ерғ. ~ Олар таңдаған құданың ұлы пұшық та болса бару керек. Бармайтын қыз ілуде біреу ғана. Сондықтан, Әубәкір сияқты әкеден құрық әкетем дей алмай не қасындағы сүйкімді сарыны қиялмай, Бәтима бар үмітін анасына артты: — Жеңешеме сенем, мені жылатпайды. Ғ.Мұст.

  1. Бой бермеді, бұра тартты. — Кеңсе қалай? Қазақша ма? — Екі жыл болды, қазақша жүргіземіз. — Бұрынғы бейбастақтық жоқ па? Мелитсе құрық әкетпей пе? — Жоқ. Заңға бағынатын болып келеді. Кейде жалғыз-жарым ауа жайылатындар болады. Қазақ-орысқа бағынып, ұлыққа жағынып жаман үйреніп қалған ел ғой. Қызметшіні елдің өзі бұзады. Әйткенмен енді тәртіпке үйретіп келеміз… Ж.Айм.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *