Дәм болсын деп айта салынған арзан кеңес. ~ Жан тұрмысы өркендеу үшін, яғни ойы, ақылы кеңейіп, құлқы түзеліп, тілі баю үшін жас балаға ертегі – тым қымбат нәрсе. Бала ертегіні жан-тәнімен тыңдайды. Ертекке шын көңілімен нанады. Бала құрғақ ақылды ұқпайды. Жандандырып, суреттеп алып келсең ұғады. М.Жұм. ~ Өйткені тура бір жалғанның жамандығымен жалғыз өзі күресіп жүрген жандай-ақ күңірене сөйлегенде олардың айтқан ойлары Абайды «оқу керек», «жас ұрпаққа таныту керек» деген құрғақ ақылдан ары ұзамады. Е.Әлім.
ҚҰРҒАҚ АҚЫЛ БЕРДІ (АЙТТЫ)
Ақыл айтумен ғана шектелді, басқа көмегі болмады. ~ Мынадай суық сөздерді оқығанда маңдайымнан тер бұрқ ете қалды. Мұның не, жап-жас өрен-ау? Бар қызықтың бәрі өмірде емес пе? Жамал, мен саған құрғақ ақыл беруден аулақпын. Ә.Ысқ. ~ … досқа жақсы сөз, жарым ырыстың өзін қимайтын, азаматтық пікір айтатын сын сағатта шығарып салма құрғақ ақыл айтып құтылатын тар мінез. Т.Әс.
