Нақты еш жақсылық жасамай, сырғытпа сөз, жалған уәде беріп, құтылуға асықты. ~ Бойковтың бетіне қарсы келіп, сөз таластырайын десе, яки болмаса, әзірге құрғақ уәдемен шығарып салайын десе, оған батылдары бармайды. С.Ом. ~ Орыс мемлекеті өзді-өзі қырқысып жатқан шығыстағы көршілерін алма-кезек қостап, көмек сұрап келсе, екеуін де құрғақ уәдемен алдап-сулап шығарып салып, сол арқылы екеуін де өз иегінің астында ұстап, тезірек Жәркент пен Индияның алтынына жетіп алуды, Үндістан түбегіне жанталаса қол созып келе жатқан ағылшындардың алдын орап кетуді көздейді. Ә.Кек.
