Орындалуы күмәнді, дәм болсын сөзге негізделген жалаң уағда. ~ Өзгелерге құрғақ уәде көрінген істі ол, қаншама қиын әрі қызықсыз болса да, ұдайы өтеуге тиісті өмірлік парызым деп біледі. Ф.Дос. ~ Кеген, Нарынқолдағы қалың албан – 1916-жылы патша жендеттерінен көп зардап шеккен ел, құрғақ уәдеге сенбейді… Б.Тоғ. ~ Бұған дейін тырмысып, «ұятымды» анау- мынау «коммунизм» орнатып тастайтын құрғақ уәделерге айырбастамай, айырбастамақ түгілі «суық қол» қай жағымнан кіріп кетеді деп, өзіме- өзім күш беріп, мықты «қарауыл» қойып жатқам. Қ.Жиен. ~ Клуб дегеніміз ертеректе салынған жатаған ескі үй. астын тақтайлап, төріне сахна орнатып, әдемілеп әктеген соң даңғарадай мәдениет ошағы болып шыға келген. Жаңасын салып аламыз деп тепеңдегендеріне бес жыл толды, құрғақ уәдемен келеді. О.Бөк. ~ Сонсоң, ол өзінің осы парызын Өзгелерге құрғақ уәде көрінген істі ол, қаншама қиын әрі қызықсыз болса да, ұдайы өтеуге тиісті өмірлік парызым деп біледі. өтеуден нәр алмақ! Ф.Дост.
