Рухтанып, шабыттанып қалды. ~ Шалым-ау, шаршағаның осы ма, тіпті, құр атқа мінгендей шалқып отырсың ғой, – деп жымиятын Мейізгүл апа тола тостаған шалапты қолы дірілдей ұстап тұрып. Р.Рай. ~ Аяғына үлкендеу болғанымен, сәл су тисе езіліп, кебе келе қыртыс- тыртыс болып, жиырылып шыға келетін қайыс шәркейден әлдеқайда артық, құр атқа мінгендей бір жасап қалды. А.Смай. ~ Бәтеңке әпергенде құр атқа мінгендей болдым да, көйлек- шалбар кигізгенде ауылга әкемді ергіп қайтқандай қуанып ем. Қ.Ысқ.
