Бекерден-бекер, беталды, жөн-жосықсыз. ~ Арыстан. Апыр-ау, мен де соны білмеппін ғой, егеспен оны есіме ілмеппін ғой. Жарас-ау, Айман қайсы, Шолпан қайсы, қаруды құр далаға сілтетіпсің ғой. М.Әу. ~ «Айтайын мен бір ақыл сен балаға, Қашырма сүйек үшін құр далаға. Ұй тастың маңайыңда бір қорым бар, Көміпті жаназасыз сол араға». Шәк. ~ Қарады староста бүл балаға: «Жүрмісің aқшa шашып құр далаға? Бес күндей ат әкеліп, тосып жатыр, Сені алып барамыз деп сол қалаға. Шәк. ~ Үлгілінің бас жағындағы жаман тамдарға қарай келе жатырмыз. Құр далаға атпай, сауысқан, қарға атып, мылтығымыздың керемет күшін көзбен көріп білгенше асығыспыз. Б.Соқ.
