Posted in

ҚҰР СҮЛДЕР

Бар күш-қуатынан айрылып, әбден болдырған адамның түр-тұрпаты. ~ Бір-ақ нəрсеге сенбеген. Өзінің тірі екеніне. Мана, құрғак арнадан биік қабаққа шығар сəтте жан тəсілім қылса керек. Содан соң алдынан (о дүниеден) мол су ұшыраған. Шыны сол. Өлген. Құр сүлдер, қу аруақ. Ақыл, ес жоқ. Дəрмен, дауыс жоқ. Аяқ, қол, кеуде мен бас жоқ. Тек ине жасуындай сəуле — жан сэулесі ғана бар. М.Мағ. ~ Ахмет ақсақал баласын құптап: – Иә-ә. Адам жаны таңырқаудан айрылғанда, айналаңды қоршап тұрған табиғаттың барлығы да құр сүлдер боп көрінетіні рас болар. Ал мұндай күйге ұшыраған адамның өзідағы тірі өліктен артық болмаса керек. С.Ғабб. ~ Жансыз жатқан құр сүлдер санама думан салып, көңілімді көркейтті. Кек алу арқылы ләззат алдым. Ойнақ салып әлдекіммен алыса түскім келеді… Р. Мұқ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *