Жалаң үмітке сеніп жасалған әрекет туралы. ~ Қыздың онсыз да жүдең жүзі, шешесінің сөзін тыңдап отырып, ақ қағаздай қуқыл тартты. Бірақ, әке-шешесі сияқты сасқалақтап сыр берген жоқ. Қазір Сегізден де күдер үзген, ендігісі құр тәуекел еді. Жабы көрем десе, дайын екенін айтты. З.Шүк. ~ Бұл әлі өткелектерден өтерде байқалатын сыр. Бірақ ешкім қипақтамайды, құр тәуекел де емес, сенім берік, жүрек орнында сияқты. Ғ.Мүс.
