Тиесілі сыбағасынан айырды. * Өйткені оның керім сал қара қатынымен баяғыда байы тамыр боп, талай түнгі сыбағасынан құр қалдырғаны өлмей есінен кетсін бе? Ж.Айм. * Ол былай тұрсын, соңғы бір жарым жыл бойында хазірет пен осы мәзін, қари, халфелер махалла байларының мешіт-медресеге жіберген жылдық зекет малынан, хайыр-уазифасынан да құр қалдырып келеді. М.Әуез. * Үлкен шешеміз жылап қоя беріпті: «Ол қызың болғанда, мен де қызын, құр қалдыратындай жазығым не?» деген ғой. З.Шүк. * Біз оларды үздіге күткен қызығынан құр қалдырғандай, кейіптерінде өкініш бардай: О-о-ой, — десті. Ш.Мұрт.
