Posted in

ҚҰСА ТАРТТЫ (БОЛДЫ, ШЕКТІ)

Уайымға батты, қайғы-қасырет шекті. ~ Адам дерттi болмай ма құса тартып, Тұщы ұйқы ұйықтай алмай түнде жатып. Ептеп бағып, есерге ем таба алмай, Тәттi тамақ жей алман дәмiн татып. Абай. ~ Болғанын оның ғашық бала білмес, Әшім де бұл сұмдықтан хабар білмес. Ғашықтықпен құса боп әлгі сайқал, Жадырап патшаменен ойнап күлмес. Ә.Най. ~ Айналасынан зәбір көріп, кеудесін қарыған қайғыға іштей ысталып құса боп келген Зәпира күйеуін отаудан қуып шығып, ағайындарын аластап әкесінің үйіне кете барады. Б.Мом. ~ Бір жылың не, бір секундта шешіліп жататын тағдырлар төңірегінде біраз пәлсапа соқтым. Баяғы қосыла алмай кеткен ғашықтардың бір-бірін соңғы рет бір көруге зар боп, құса шегіп, арманда кеткені жайлы жеткілікті мысалдар келтірілді. Д.Рам.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *