Оқтай зулады. ~ Көк есекті бас-көзге төпелеп жүріп бастырманың астына байладым да, үйге қарай құстай ұштым. Н.Ораз. ~ Осылай екі рет қайталағанда Шам алапат шабысын енді- енді таба бастап еді, бәйге алаңына құстай ұшып жетті. А.Смай. ~ «Қара қайық… Шағала тұмсық қара қайық ағысты өзен бетінде қалықтай ұзап барады. Мүмкін, ол менің құстай ұшқан жастығым шығар? Қайықты қол бұлғап неге тоқтатпадым? М.Сүн. ~ Құлдырап, құстай ұшып барған күйi ағасының құшағына қойды да кеттi. Алыстан, қалың топтың алдында келе жатқан iнiсiн ағасы танып, арбадан түсiп, алға шыға берiп едi. П.Дүйс.
