Тырсия томпиып тұрған қыз омырауы. ~ Қыздың томпиған құс кеудесі Құлтайды жып- жылы боп сүйкеп өтті. С.Ас. ~ Зүбәржат аяқ асты айтқан әнiн иығынан зiлмауыр жүк түскендей жеңiл күрсiнiспен аяқтады. Құс кеудесі өрекпи бiр көтерiлiп, бiр басылады. Ж.Шағ. «Мың сан жасуша мен қалың терінің арғы жағында не бар?» деп жаныңа үңіле түскенімде, бойымды албырт сезім билеп қоя берді. Мен қауырсын қабырғамен қапталған құс кеудеңде ешкімге ұсқамайтын жұдырықтай жүректің қамалып жатқанын көрдім… АҚ “Ардақтым”.
