Жіңішке, жұқа ғана. ~ Жылқы шетінде үстіне өңіріне күміс талшық зер жүгіртіп, боз
тайлақтың жүнінен құс таңдай қып тоқыған боз шекпен киіп, астына су жыландай
сумаңдаған боз арғымақ мініп, ат жақты, торсық шеке, садақтай иілтіп қап-қара сақал-мұрт қойған бір бейтаныс боз жігіт түр..ә.Кек. ~ Шолақ “мәсквішін” салтанатқа қомсынды ма, қарар мұны әкесінің сүттей ақ “Волгасымен” әкелген, шофер жігіт Ойжанымайды көрген сәтте-ақ, “нағыз тұсақ бөксе, құс таңдайдың өзі екен!” — деп тамсанды. Әйел табиғатынан шала тана сауаты бар Бекет “нағыз тұсақ бөксе, құс таңдайдың” не екенін сұраған да жоқ. Қ.Ысқ. ~ Ауылға барсам, Сыбырлап тұратын-ды айқын жалғыз жиденiң құс таңдай жапырақтары. Б.Қош.
