Posted in

ҚҰС ТӨС

Торсиған қыз кеудесі ~ Қара санның үстіңгі жағы сәл делдиген ақ шалбары қандай жарасты. Үстіндегі қап-қара жеңіл пенжак құйып қойғандай, белімен-бел. Құс төсі пенжактың омырауын керіп тұр. С.Жүн. ~ Құтырынған Мақанның көзінің аласы қанталап, қарасы жоғалып кетті. Жұдырығы кішігірім тоқпақтай боп Рыстының құс төсінен шаншыла қадалды. С.Смат.

  1. Жылқы сипаты. ~ Басы етсіз, ұшқыр үйректей тұмсығын желге созып тұрғанын қарашы. Мойны да қысқа емес, сұйық жал, әрі шоқтықты. Бөксе бітісі де көңілдегідей, нағыз ертегідегі айтатын шөмек құйрықтың өзі. Ал енді төсіне назар сал. Құс төс. Егер салқы төс болса ұшпа малдың сипаты болар еді. Мынау ұзаққа шабар жылқыға ғана бітеді. Әрине әрі саққы, әрі құс төс деген қолға түспейді ғой. К.Жүн.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *