Posted in

ҚҰС ҚАНАТЫ ТАЛАТЫН

Ұшқан құсқа да алыс қашықтық. ~ Үстірттің құс қанаты талатын сусыз қиян шөлінен өтіп бұнда келіп жатқан өкімет жоқ. Тыныш. С.Елу. ~ Жат қалада барар жер, басар тауымыз, бой жасырар қуысымыз болмаса да, ыстық құмы бұйра- бұйра толқындаған сахара құс қанаты талатын қиянда қалса да, бізден бақытты тірі пенде жоқ. А.Смай. ~ Премьердің маңайы көзіме Хантәңірі шыңының құс қанаты талып жете алмас ұшар басы болып елестейді, әлгі шыңнан аяғы тайып құлаған кісінің сүйегін таба алмайсың. Д.Дос. ~ Әкесі де тәп- тәуір қызмет жасаған азамат еді. Сіздерге ешбір қаны араласпайды, тіпті Жүзі де келмейді. Еліне ұшса құс қанаты талатын, ат тұяғы жетпейтін Ақ Жайықтың жағасынан. С.Досж.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *