Сергек ұйқы. ~ Түні бойы қазан-қазан су мен шөңке-шөңке сүт ысытпалаған Дариға құлаудың аз алдында екен, бұлар кіргенде пеш қасында құс ұйқымен қалғып-шұлғып отыр. М.Қаб. ~ Сырт еткен дыбысты сезіп қалатын жас балалы əйелдей сергек, құс ұйқылы шал жүзін шарпыған жарықты сезіп қалды да, бетін сəл тыржитып, көзін ашты, бірақ нендей құбылыс екенін табанда түсіне алмады. Е.Мұх. ~ Әрқашанда сыптай болып, ұлы-жіңгір майданның барлаушысындай сақадай-сай әрі сақ та, елгезек те, сенімді жүретін досының құс ұйқысына қайран қалмасқа, қызғанбасқа шарасы жоқ еді. О.Бөк.
